ҚазҰУ жас ғалымдары гранттық байқауда жеңіске жетті — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ жас ғалымдары гранттық байқауда жеңіске жетті

9 шілде 2026
ҚазҰУ жас ғалымдары гранттық байқауда жеңіске жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас зерттеушілері ҚР ылым және жоғары білім министрлігі жариялаған 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсында жеңімпаз атанды. Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімімен университет ұсынған 11 ғылыми жоба гранттық қаржыландыруға ие болды.

Бұл нәтиже ҚазҰУ-дың жоғары ғылыми әлеуетін және жас ғалымдардың заманауи технологиялар мен басым бағыттардағы өзекті мәселелерді шешуге қабілетті кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қолдау тапқан жобалар энергия жинақтау, жасанды интеллект, цифрлық және ғарыштық технологиялар, астрофизика, археология, биомедицина мен экологиялық мониторинг сияқты заманауи бағыттарды қамтиды.

Байқауда үздік шыққан жеңімпаздар тізімі ғылыми бағыттар бойынша:

«Энергетика, озық материалдар және көлік»: Меруерт Қадыр, Мақпал Сейтжанова, Мөлдір Әуелханқызы, Наталья Васильева;

«Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар»: Қаламқас Бағитова, Дана Тұрлықожаева;

«Елдің зияткерлік әлеуеті» (Жаратылыстану ғылымдары): Нұржан Үсіпов;

«Елдің зияткерлік әлеуеті» (Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер): Светлана Шнайдер;

«Өмір және денсаулық туралы ғылым»: Аяулы Дүйсенбек;

«Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану»; Дәурен Жексебай және Бақыт Ханиев.

Университет ұжымы жас ғалымдарды маңызды жетістігімен құттықтай отырып, ғылыми жобаларды табысты жүзеге асыруға, тың жаңалықтар ашуға және отандық ғылымның дамуына зор үлес қоса беруге тілектестік білдіреді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі