«Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына саяхат»
6 сәуір 2026
Тұрақты даму мақсаттарын насихаттау аясында тыңдаушылардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына саяхат» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қызметімен таныстыру, сондай-ақ биология ғылымы саласы бойынша білімдерін кеңейту болды.
Саяхат барысында тыңдаушылар кітапхана қорының бай мазмұнымен және кітапхана жұмысының ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар олар сирек кездесетін ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасап, биология ғылымына деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта да кітапханаға келіп, білімдерін жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.
Басқа жаңалықтар
5 маусым 2026
27 мамыр 2026
27 мамыр 2026