«Қуғын-сүргін мұражайына саяхат» атты танымдық іс-шара өтті — ҚазҰУ

91ý

«Қуғын-сүргін мұражайына саяхат» атты танымдық іс-шара өтті

28 наурыз 2026
«Қуғын-сүргін мұражайына саяхат» атты танымдық іс-шара өтті

Тұрақты даму мақсаттарын насихаттау аясында тыңдаушылардың қатысуымен «Қуғын-сүргін мұражайына саяхат» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – тыңдаушыларды мұражай қызметімен таныстыру және оның ашылу тарихы туралы мәлімет беру болды.

Саяхат барысында тыңдаушылар КСРО кезеңінде қазақ зиялыларына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін жылдары, оның себептері мен салдары туралы кеңінен мағлұмат алды. Сонымен қатар, мұражай экспозициясымен танысып, тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін зерделеді.

Іс-шара барысында қатысушылар көптеген әсерлі әрі аянышты тарихи деректермен танысып, өткен тарихтың тағылымы туралы ой бөлісті.