«Қазақфильмге саяхат» — ҚазҰУ

91ý

«Қазақфильмге саяхат»

27 ақпан 2026
«Қазақфильмге саяхат»

Тұрақты даму мақсаттарын насихаттау аясында тыңдаушылардың қатысуымен «Қазақфильмге саяхат» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында тыңдаушылар Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан Қазақфильм киностудиясына барды. Олар киностудия ұжымының жұмысымен танысып, қазақ кино өнерінің қалыптасу және даму тарихы туралы құнды мәліметтер алды.

Саяхат аясында қатысушылар Шәкен Айманов атындағы музей музейін тамашалап, қазақ киносының танымал актерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы білді. Сонымен қатар, фильмдерде қолданылған сахналық костюмдер мен реквизиттермен танысып, кино әлемінің ерекшеліктеріне тереңірек үңілді.

Іс-шара тыңдаушылардың мәдени-танымдық көкжиегін кеңейтіп, ұлттық кино өнеріне деген қызығушылығын арттырды.