ТІЛДЕ БІРЛІК және МӘДЕНИЕТТЕ ДОСТЫҚ: ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАСТАР МӘДЕНИ ДИАЛОГ АЛАҢЫ
2026 жылғы 14 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нің Шығыстану факультетінде Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 «Сапалы білім беру» бағыты аясында «Тілде бірлік және мәдениетте достық» тақырыбымен Түрік мәдениеті апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл ауқымды мәдени-білім беру іс-шарасы университеттің түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң ретінде танылды.
Іс-шараға Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері арнайы қатысып, олардың қатарында білім беру мәселелері жөніндегі консул-атташе Шүкүр Көсе мырза болды. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, жас ғалымдар мен арнайы шақырылған қонақтар бас қосып, мәдениетаралық диалогтың жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетті. Мұндай кездесулер түрлі ел өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуда ерекше маңызға ие.

Апталықтың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және академиялық байланысты жаңа деңгейге көтеру, білім мен ғылым саласындағы әріптестікті кеңейту, сондай-ақ студенттер мен жас зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл бастама ТДМ-ның 4-мақсатына толық сәйкес келеді, себебі сапалы білім беру тек академиялық біліммен шектелмей, мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, мұндай шаралар ТДМ-ның 17-мақсаты – «Серіктестік арқылы даму» қағидаттарын да қолдайды.
Ашылу салтанаты барысында қатысушыларға түрік халқының бай мәдени мұрасы, тілі, салт-дәстүрлері жан-жақты таныстырылды. Бағдарлама аясында ұлттық өнер көріністері, мәдени таныстырылымдар мен сахналық қойылымдар ұсынылып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бұл өз кезегінде жастардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың мәдени әртүрлілікке деген құрметін арттырды.
Университет қабырғасында ұйымдастырылған мұндай іс-шаралар білім беру жүйесінің сапасын арттырумен қатар, студенттердің тұлғалық дамуына да ықпал етеді. Түрік мәдениеті апталығы – тек мәдени мереке ғана емес, сонымен қатар ғылыми, рухани және әлеуметтік байланыстарды тереңдететін кешенді платформа. Ол жастарды жаһандық ойлауға, көптілділікке және мәдени ашықтыққа тәрбиелейді.
«Тілде бірлік, мәдениетте достық» ұраны аясында өткен бұл апталық – ұлттар арасындағы достық пен өзара құрметтің жарқын көрінісі. Осындай мазмұнды шаралар арқылы болашақ ұрпақтың сапалы білім алып қана қоймай, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, мәдениеті жоғары тұлға болып қалыптасуына берік негіз болып саналады.
Абельдаев Ж.
Кыркымбекова А.
Басқа жаңалықтар