Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина жне денсаулық сақтау факультетінің Іргелі медицина кафедрасында «Фармация» білім беру бағдарламасының магистранттары Бахыт А.Т., Қосқанова А.Ж., Серік К. ғылыми жетекшілері Қалыкова А.С. жне Тұрғымбаева А.А.-ның жетекшілігімен «Көпөлшемді кедейлік жне денсаулық» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара ТДМ 1 — «Кедейлікті жою» жне ТДМ 3 — «Жақсы денсаулық жне әл-ауқат» мақсаттарын талқылауға арналды.
Іс-шара барысында «Фармация» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенттері көпөлшемді кедейлік ұғымы, оның құрылымдық компоненттері жне халық денсаулығына әсері мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды талқылауға қатысты. Негізгі назар студенттерге кедейліктің тек экономикалық көрсеткіштермен ғана шектелмейтін, күрделі әрі көпқырлы құбылыс екендігін жүйелі түрде түсіндіруге бағытталды.

Кездесу барысында студенттерге халықтың әл-ауқат деңгейін бағалаудың заманауи құралы болып табылатын Көпөлшемді кедейлік индексі (MPI) туралы ақпарат ұсынылды. Оның негізгі құрамдас бөліктері – денсаулық, білім жне өмір сүру деңгейі көрсеткіштері жан-жақты қарастырылып, деректерді кешенді талдау тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар шектеулі ресурстар, әлеуметтік детерминанттар мен денсаулыққа төнетін қауіптер арасындағы өзара байланысқа ерекше назар аударылды.
Талқылаудың жеке бөлімі көпөлшемді кедейліктің халық денсаулығына әсерін талдауға арналды. Медициналық қызметке қолжетімділіктің шектеулі болуы, теңгерімсіз тамақтану, санитарлық-гигиеналық жағдайлардың қолайсыздығы жне ақпараттың жеткіліксіздігі сияқты факторлардың денсаулық көрсеткіштері мен өмір сапасына айтарлықтай кері әсер ететіні атап өтілді. Осы тұрғыда денсаулық сақтау саласындағы теңсіздік мәселелерін шешуде кешенді жне пәнаралық тәсілдің маңыздылығы ерекше атап көрсетілді.
Сонымен қатар қарастырылып отырған тақырыптың Қазақстан Республикасы үшін өзектілігіне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында көпөлшемді кедейліктің халықтың түрлі әлеуметтік топтарына, әсіресе осал санаттарына әсер ететіні жне бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік саясат, денсаулық сақтау жне білім беру салаларында жүйелі шаралар қажет екендігі айтылды.
Іс-шараның интерактивті форматы студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Қатысушылар топтық талқылауларға қатысып, ұсынылған кейстерді талдап, «сұрақ-жауап» форматында өз пікірлерін білдіріп, практикалық тапсырмаларды орындады. Мұндай формат студенттердің сыни жне аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге ықпал етті.
Іс-шара соңында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар қарастырылған тақырыптың жоғары өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Студенттер алған білімдері мен дағдылары болашақ кәсіби қызметінде, әсіресе қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеу жне фармацевтикалық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету барысында маңызды болатынын атап өтті.
Қорытындылай келе, өткізілген іс-шара студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға жне әлеуметтік-экономикалық факторлар мен халық денсаулығы арасындағы өзара байланысты Тұрақты даму мақсаттары контексінде тереңірек түсінуге ықпал етті.