Университет аумағын көгалдандыру: Студенттер үйі алдындағы жаңа тыныс
15 сәуір 2026
2026 жылдың 14 сәуірінде Биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінің алдында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Игі істің аясында факультет деканы М.Х. Нармұратова, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М. Басыгараев, студенттер үйінің коменданты К.М. Курманбекова мен студенттер гүл көшеттерін отырғызды.
Бұл бастамаға Агробиозертхана меңгерушісі Рауан Сатымбеков арнайы қолдау көрсетіп, қажетті гүлдерді жеткізіп берді. Осындай бірлескен жұмыстың нәтижесінде студенттер үйі маңы айтарлықтай жаңарып, көркейе түсті. Табиғатты аялау және кампусты абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

