Халықаралық академиялық ұтқырлық: ҚазҰУ-да ғалымдардың тәжірибе алмасуы өтті — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық академиялық ұтқырлық: ҚазҰУ-да ғалымдардың тәжірибе алмасуы өтті

14 сәуір 2026
Халықаралық академиялық ұтқырлық: ҚазҰУ-да ғалымдардың тәжірибе алмасуы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасындағы Әбу Әли ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медицина институтының ғалымдарының сапары өтті.

Делегация құрамында:
— медициналық биология кафедрасының меңгерушісі, профессор Жабборова Ойша Искандаровна
— медициналық биология кафедрасының доценті Мустафаева Мамлакат Исмаиловна
— микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, PhD Муротов Нуршод Фархатович
— микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті Назаров Жалолитдин Султон Эркинович

Сапар барысында қонақтар кафедраның ғылыми инфрақұрылымымен және заманауи зертханаларымен танысып, оқу үдерісіне қатысып, студенттерге дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

Сонымен қатар, биотехнологияның заманауи бағыттары бойынша тәжірибе алмасып, болашақтағы ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Аталған іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және ғылым мен білімнің интеграциясын арттыруға ықпал етеді.