ҒЫЛЫМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕС – ЖОҒАРЫ БАҒАДА
Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін
Темирбеков Алмас Нурланович марапатталады.
Бұл марапат – ғалымның еліміздің ғылымы мен жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесінің, көпжылдық қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің айқын дәлелі.
Салтанатты рәсім барысында әріптестер мен ғылыми қауымдастық өкілдері ғалымның ғылыми жетістіктерін жоғары бағалап, оның жас зерттеушілерге үлгі боларлық еңбегін ерекше атап өтті.
🌍 Ғалымның қызметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты:
ЦУР 4 – Сапалы білім: жоғары білім мен ғылыми кадрларды даярлауға қосқан үлесі арқылы;
ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: ғылыми зерттеулер мен инновациялық бағыттарды дамыту арқылы;
ЦУР 13 – Климаттың өзгеруімен күрес: экологиялық және қолданбалы зерттеулер арқылы қоршаған ортаны қорғауға ықпал етуі;
ЦУР 17 – Серіктестік мақсатында: ғылыми қауымдастық пен халықаралық әріптестікті дамытуы арқылы.
👏 ылым жолындағы табыстарыңыз арта берсін!

Есептеу ғылымдары және статистика
Басқа жаңалықтар