Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты мектеп оқушыларымен кездесті — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты мектеп оқушыларымен кездесті

15 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты мектеп оқушыларымен кездесті

Семей қаласының №32 жалпы білім беру мектебінің 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығы бойынша докторанты Имамова Бақыт қатысты.

Іс-шара барысында оқушыларға аталған мамандықтың ерекшеліктері, оқу үдерісі, болашақ кәсіби мүмкіндіктері мен еңбек нарығындағы сұранысы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіптерді бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заманауи бағыттар таныстырылды.

Кездесу барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Мұндай кәсіби бағдар беру шаралары оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етеді.