Сапалы білім беру – болашақ биологтардың кәсіби даму негізі
2026 жылдың 13 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6В05102–Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған ерекше форматтағы сабақ өтті. Педагогикалық тәжірибе аясында «Зоология» мамандығының 1-курс магистранты Мухаметқали Аяулым Бейсенғалиқызы «Омыртқасыз жануарлардың экологиялық топтары» тақырыбында ашық сабақ жүргізді.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның 4-ші Тұрақты даму мақсатын («Сапалы білім беру») жүзеге асыруды көздейді. Сабақ дәстүрлі дәріс емес, интерактивті тренинг форматында ұйымдастырылды. Магистрант студенттерге омыртқасыздардың еркін тіршілік ететін, паразиттік және симбиотикалық формаларының айырмашылығын практикалық мысалдармен түсіндірді. Тренинг барысында топырақ мекендеушілері (Lumbricus, Nematoda), су ортасының өкілдері (Daphnia, Cyclops) және қауіпті паразиттер (Ascaris, Fasciola) жан-жақты қарастырылды. Мұндай заманауи оқыту әдістері білім алушылардың сыни ойлауын дамытып, зоология саласындағы сапалы әрі терең білім алуына жағдай жасайды.
Зоология, гистология және цитология кафедрасы
#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар