2026 жылы 15 сәуірде «Аударма ісі» 1-курс студенттерінің қатысуымен «Жемқорлықтан тыс университет» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді. Іс-шараны Моругова Елена Александровнаның жетекшілігімен «Шетел филологиясы» 1-курс магистранты Дауренбаева Аида Алпысбаевна жүргізді.
Шараның мақсаты жоғары оқу орындарындағы жемқорлық мәселесін ашып көрсету, студенттерде академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру және жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын насихаттау болды.
Эдвайзерлік сағат барысында студенттер мынадай тақырыптармен танысты.
Алдымен Қазақстандағы жоғары білім жүйесіндегі жемқорлықтың ағымдағы жағдайы талданды. Ең жиі кездесетін жағдайлар ретінде емтихан тапсыру және диплом қорғау аталды. Грантқа өту үшін, сессия жабу үшін, жоғары баға үшін берілген сомалар туралы нақты сандар келтіріліп, деректер студенттерді ойландырып қойды.
Одан кейін ресми есептер мен аудит нәтижелері талқыланды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 2023 жылғы мәліметтері бойынша «жалған түлектер» анықталып, 1 000-нан аса диплом расталмаған. Бірқатар ЖОО-да түлектер санының 2-4 есе жасанды арттырылғаны туралы деректер жас аудиторияда біраз қызу талқыланды.
Жемқорлықтың негізгі көріністері жан-жақты қарастырылды: қабылдау кезеңіндегі заңсыз бәсекелестік, академиялық плагиат, бағалау жүйесіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ лауазымдық жемқорлық – непотизм мен тендерлердегі заңбұзушылықтар.
Қолданыстағы шаралар аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң (2015), ЖОО-дағы комплаенс қызметтері, «Саналы ұрпақ» клубы туралы ақпарат берілді. Халықаралық тәжірибелер де назарға алынды – БҰҰ бағдарламалары (UNESCO, UNODC), GRACE жобасы, OECD тұтастық білімінің моделі.
Эдвайзерлік сағат студенттердің жемқорлық туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті. Студенттер жемқорлықтың тек заңды мәселе ғана емес, академиялық құндылықтар мен болашақ кәсіби бедел үшін де қауіп екенін түсінді.
«Жемқорлықтан тыс университет» идеалы – тек жүйелі, кешенді жұмыс арқылы, яғни заңнама, бақылау, білім беру және азаматтық белсенділіктің бірлігі арқылы ғана қалыптасады деген тұжырым жасалды.
Басқа жаңалықтар