3-ші Республикалық «Жастар бастамалары» байқауы — ҚазҰУ

91ý

3-ші Республикалық «Жастар бастамалары» байқауы

15 сәуір 2026
3-ші Республикалық «Жастар бастамалары» байқауы

Бүгін 2026 жылдың 15 сәуірінде біз тұрақты дамудың 4-ші Жаһандық мақсатына арналған 3-ші Республикалық «Жастар бастамалары» байқауын аяқтадық. Бұл іс-шараны педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Н.С. Алгожаева, проф. А. А. Булатбаеваның жетекшілігімен «Педагогика. Білім берудегі Менеджмент» ББ 2 курс магистранттары ұйымдастырды. 
Байқау жоғары оқу орындарының әртүрлі мамандықтары бойынша бакалавриат студенттері үшін ашық болды. Биылғы жылы Алматы, Ақтөбе, Атырау, Петропавл және т.б. жоғары оқу орындарынан қатысушылар болды. Жүлдегерлерді, ғылыми жетекшілерді және әріптестерімізді құттықтаймыз: Ozat Primary school мектебі, Нigh school мектебі, "Педагог"республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы