«Мен -еріктімін!» тақырыбында факультет жастарының экологиялық-волонтерлік бастамалары талқыландыFarabi University

91ý

«Мен -еріктімін!» тақырыбында факультет жастарының экологиялық-волонтерлік бастамалары талқыланды

15 сәуір 2026
«Мен -еріктімін!» тақырыбында факультет жастарының экологиялық-волонтерлік бастамалары талқыланды

ТДМ-4 Журналистика факультетінде «Мен – еріктімін!» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шара студенттердің экологиялық волонтерлік бастамаларына арналды. Кездесу барысында қатысушылар өздерінің еріктілік тәжірибелерімен бөлісіп, жүзеге асырылған жобалар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады.

Шарада нақты тәжірибелерге ерекше назар аударылып, студенттердің экологиялық бағыттағы белсенді қызметін көрсететін фото және бейнематериалдар ұсынылды. Іс-шара ашық кездесу форматында өтіп, қатысушыларға өзара пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Кураторлық сағат 15 сәуір күні 2-1 аудиториясында өтті. Іс-шараға жауапты — Садуақасов А.