География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттеріне емтихан ережелерін таныстыру бойынша жиналыс өтті — ҚазҰУ

91ý

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттеріне емтихан ережелерін таныстыру бойынша жиналыс өтті

16 сәуір 2026
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттеріне емтихан ережелерін таныстыру бойынша жиналыс өтті

2026 жылы 16 сәуір 17:00 де онлайн зум платформасында География және табиғатты пайдалану факультеті деканының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Шәкен Айман Шәкенқызының және география, жерге орналастыру және кадастр кафедра меңгерушісінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кадылбеков Мадияр Кайратовичтің қатысуымен студенттерге көктемгі емтихан ережелері мен платформаларын таныстыру бойынша жиналыс өтті.

 

Жиналыс барасында 2025–2026 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясын өткізу күнтізбесі, емтихандардың ережелері мен платформалары таныстырылды.

Жазбаша (офлайн) емтихандарға 30 минут ерте келу, сонымен қатар емтиханға бөгде заттарды (смарт сағат, смартфон, құлаққап т.б) алып кіруге болмайтындығы ескертілді. Жиналыс соңында Айман Шәкенқызы барлық студенттерге көктемгі емтиханға сәттілік тіледі.