ТДМ 12. Қалдықтарға екінші өмір сыйлау
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде қалдықтарға екінші өмір сыйлау – экологиялық тұрғыдан өте маңызды және шығармашылық процесске арналған шара ұйымдастырылды.. Бүгінгі таңда, әлемде қалдықтардың көлемі жылдан-жылға артып келеді, сондықтан оларды қайта өңдеу және пайдалы заттарға айналдыру – біздің міндетіміз.Керек емес заттардан пайдалы заттар жасау – бұл тек экологияны қорғап қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерімізді дамытуға мүмкіндік береді. Тыңдаушыларымыз әр түрлі заттардан талғамға сай түрлі заттар жасаған. Мысалы, ескі бөтелкелер мен банктерді қайта өңдеп, олардан гүлдерге арналған вазалар, шамдар немесе тіпті сәндік элементтер жасаған.Оларды бояп, безендіріп, үйдің интерьерін жаңартып, ерекше стиль қосуға болады.Картон қораптар да екінші өмірге ие бола алады. Оларды кесіп, жапсырып, балаларға арналған ойыншықтар, сақтау жәшіктері немесе тіпті креативті өнер туындылары жасау үшін пайдалануға болады. Бұл процесс балалармен бірге өткізілгенде, оларды экологиялық санаға тәрбиелеп, шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді.Киімдер де ескі заттардың бірі. Керексіз киімдерді қайта өңдеу арқылы, олардан сәнді сөмкелер, жастықтар немесе тіпті жаңа киімдер жасауға болады. Бұл тек қалдықтарды азайтып қана қоймай, сонымен қатар өз қолымызбен бірегей заттар жасауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тамақ қалдықтарын да екінші өмірге айналдыруға болады.
Қалдықтарға екінші өмір сыйлау – бұл тек экологиялық жауапкершілік емес, сонымен қатар шығармашылықты, қолөнерді және жаңа идеяларды дамытуға мүмкіндік беретін қызықты процесс. Әрқайсымыз өзіміздің айналамыздағы әлемді жақсартуға үлес қосып, қажетсіз заттарды қайта өңдеу арқылы табиғатқа қамқорлық жасай аламыз.
Басқа жаңалықтар