ҚазҰУ студенттері «Салауатты тамақтану – салауатты ұлттың негізі» атты халықаралық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері атандыFarabi University

91ý

ҚазҰУ студенттері «Салауатты тамақтану – салауатты ұлттың негізі» атты халықаралық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері атанды

17 сәуір 2026
ҚазҰУ студенттері «Салауатты тамақтану – салауатты ұлттың негізі» атты халықаралық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері атанды

 

2026 жылғы 13 наурыз – 15 сәуір аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің, сондай-ақ басқа да шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Денсаулық күні», Тұрақты даму мақсаттарының №3 және ылым күніне орай «Салауатты тамақтану – салауатты ұлттың негізі» атты халықаралық пәндік олимпиада өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының 2–4 курс студенттері белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:

1-кезең – тестілеу (іріктеу кезеңі): студенттер онлайн форматта тест тапсырды;

2-кезең – бейнебайқау (іріктеу кезеңі): қатысушылар салауатты тамақтану тақырыбында 1,5–2 минуттық бейнероликтер дайындады;

3-кезең – зерттеу жобаларын қорғау: 15 сәуір күні офлайн және онлайн форматта өтті.

«Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының келесі студенттері үш кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары балл жинап, жүлделі орындарға ие болды:

·  Айтбек Назерке (жетекшісі: Арынова Г.А.), 4-курс студенті – II орын;

·  Тілек Ақерке мен Алдангорова Инабат (жетекшісі: Арынова Г.А.), 4-курс студенттері – III орын;

·  Hadisa Kazemi, Fahima Ahadi, Maryam Ahadi (жетекшісі: Раушанова А.М.), 3-курс студенттері – II орын.

3-кезеңге өткен басқа қатысушылар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жүлделі орынға ие болған студенттерімізді мақтан тұтамыз!