ҚазҰУ-да Өзбекстан ғалымдарының дәрістері мен семинарлары өтуде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасында халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту аясында «Микробиология және вирусология» және «Медициналық биотехнология» пәндері бойынша дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылуда.
Сабақтарды Өзбекстан Республикасындағы Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының ғалымдары жүргізуде:
— медициналық биология кафедрасының меңгерушісі, профессор Жабборова Ойша Искандаровна
— медициналық биология кафедрасының доценті Мустафаева Мамлакат Исмаиловна
— микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, PhD Муротов Нуршод Фархатович
— микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті Назаров Жалолитдин Султон Эркинович
Сапар аясында шетелдік ғалымдар дәрістер, тәжірибелік сабақтар мен семинарлар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде, сондай-ақ студенттермен, магистранттармен және оқытушылармен белсенді жұмыс жүргізуде.


Сонымен қатар, делегация факультет деканы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Нармуратова Мейрамкуль Худретовнамен кездесті. Кездесу барысында академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар халықаралық байланыстарды нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар