Биотехнология кафедрасында магистранттардың ғылыми семинары өтті — ҚазҰУ

91ý

Биотехнология кафедрасында магистранттардың ғылыми семинары өтті

17 сәуір 2026
Биотехнология кафедрасында магистранттардың ғылыми семинары өтті

2026 жылғы 17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тыңдауға арналған ғылыми семинар өтті.

Семинар аясында 1 және 2 курс магистранттары өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстырды. Тыңдалым бірнеше секциялар бойынша ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына комиссия төрағалары мен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысып, магистранттардың дайындық деңгейін, ғылыми жаңалығын және зерттеулерінің практикалық маңыздылығын бағалады.

Іс-шара барысында заманауи биотехнологияның өзекті бағыттары, тәжірибелік зерттеу нәтижелері және ғылыми жобалардың даму перспективалары талқыланды.

Мұндай ғылыми семинарлар білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін дамытуға және жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.