Жас ғалымдарға ғылыми зертханаларға танымдық экскурсия ұйымдастырылды — ҚазҰУ

91ý

Жас ғалымдарға ғылыми зертханаларға танымдық экскурсия ұйымдастырылды

5 наурыз 2026
Жас ғалымдарға ғылыми зертханаларға танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында студенттер, магистранттар және PhD докторанттарға арналған кафедра зертханаларына танымдық экскурсия академик Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында білім алушылар кафедраның жетекші ғылыми зертханаларының қызметімен танысты. Атап айтқанда:

Тозаңды плазма және плазмалық технологиялар зертханасы;

Алдыңғы қатарлы нанотехнологиялар зертханасы;

Плазмалық және газразрядтық құбылыстар зертханасы.

Зертхана меңгерушілері Досболаев М., Оразбаев С., Утегенов А. қатысушыларға жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын, заманауи құрал-жабдықтарды және олардың қолданылу ерекшеліктерін таныстырды. Бұл бастама ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» мақсатына сәйкес келеді.

Экскурсия аясында жас ғалымдар ғылыми зерттеу жұмыстарының толық циклымен танысты: эксперименттік нәтижелерді талдау және өңдеу, деректерді жүйелеу және интерпретациялау, графиктер мен диаграммалар құру, сондай-ақ алынған нәтижелерді ғылыми жарияланымдарға дайындау үдерістері көрсетілді.

Тозаңды плазма саласындағы зерттеулер әлемде салыстырмалы түрде жаңа бағыт болып табылады және Қазақстанда соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл бағыттағы зерттеулер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында жүргізіліп, халықаралық деңгейде танылуда.

Атап айтқанда, зертхана қызметкерлері алғаш рет Қазақстанда плазмалық тозаңды кристалды алып, оны эксперименттік тұрғыда зерттеген. Сонымен қатар, зертхана көпкомпонентті тозаңды плазманың қасиеттерін зерттеу және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау бағытында іргелі жұмыстар жүргізуде. Кафедра зертханалары заманауи отандық және шетелдік жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл құралдар эксперименттік және теориялық зерттеулерді әлемдік деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстардың сапасы халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдардың жоғары дәйексөзделуімен және Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, АҚШ, Австралия және Еуропа елдерінің ғылыми орталықтарымен орнатылған ынтымақтастық байланыстарымен расталады.

Сонымен қатар, плазмалық нанотехнологиялар зертханасында ионды-плазмалық синтез, функционалдық жабындар мен жұқа қабықшаларды алу, материалдардың беткі қабатын модификациялау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бұл зерттеулер наноматериалдар алуға, металломатрицалық композиттерді әзірлеуге және материалдардың құрылымдық қасиеттерін жетілдіруге бағытталған.

ылыми зерттеулер нәтижесінде алынған білімдер болашақта жаңа материалдарды жасауға, нанотехнологияда және ғарыш саласында қолдануға мүмкіндік береді. Плазмалық технологиялардың артықшылықтары ретінде олардың коррозияға төзімділігі, жеңілдігі және жоғары тиімділігі атап өтіледі.

Экскурсия білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.