- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында игі дәстүрге айналған ағаш отырғызу акциясы өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында игі дәстүрге айналған ағаш отырғызу акциясы өтті
Жасыл болашақ – бүгіннен басталады!
2026 жылдың 16 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында игі дәстүрге айналған ағаш отырғызу акциясы өтті.
Бұл маңызды шараға Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы белсенді қатысып, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Кампус аумағында отырғызылған әрбір жас көшет – бұл тек ағаш емес, ол болашаққа деген қамқорлық, жас ұрпаққа қалдырылатын аманат. Таза ауа, көркем орта және жасыл кеңістік – білім ордасының ажырамас бөлігі.
Осындай бастамалар студенттер мен оқытушылардың бірлігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті терең сезінуге жол ашады.
Табиғатты аялау – әрбіріміздің борышымыз!