Экологиялық сенбілік: «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы игі іс — ҚазҰУ

91ý

Экологиялық сенбілік: «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы игі іс

4 сәуір 2026
Экологиялық сенбілік: «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы игі іс

«Таза Қазақстан» – жарқын болашаққа жасалған нақты қадам!

 

«Таза Қазақстан» жобасы аясында Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Дарханова С.Д. Заң факультетінің 105 және 114 топ студенттерімен бірге экологиялық сенбілік өткізілді.

 

Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және жастардың бойында табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастыру. 

 

Сенбілік барысында қатысушылар белгіленген аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл – тек тазалық жұмысы ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінудің, бірліктің және ортақ іске деген жанашырлықтың көрінісі.

 

Осындай игі бастамалар арқылы біз табиғатты қорғап қана қоймай, келешек ұрпаққа таза әрі көркем орта қалдыруға бірге атсалысамыз. 

 

Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!