№ 4 студенттер үйіне кітап сыйлау акциясы өтті
2026 жылғы 17 сәуірде География және табиғатты пайдалану факультетінің №4 студенттер үйінде «Кітап – білім бұлағы: жатақханаға кітап сыйлау акциясы» атты игі шара ұйымдастырылды.
Аталған акцияның басты мақсаты – студенттерді өз мамандығы бойынша сапалы оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету, кәсіби білім деңгейін арттыру және №4 студенттер үйінің кітап қорын арнайы пәндерге арналған оқулықтармен толықтыру арқылы оқу үдерісін қолдау.
Іс-шараға факультет деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Рыскельдиева Айжан Муратовна және техника ғылымдарының кандидаты, профессор Джуламанов Таир Даутканович қатысып, студенттерге өз қолдауларын білдірді.
Акция барысында студенттер үйінің кітап қоры жаңа оқу және ғылыми әдебиеттермен толықтырылып, білім алушыларға қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға үлес қосылды.
Мұндай бастамалар студенттердің білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби дамуына да оң әсерін тигізеді.
Басқа жаңалықтар