Kazakh-English Speaking Club тегін курсы мен сөйлесу клубының ашылуы
2026 жылғы 14 сәуірде Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасында студенттердің қазақ және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған Kazakh-English Speaking Club тегін білім беру курсы мен сөйлесу клубының ашылуы өтті.
Аталған бастама Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасы тарапынан жүзеге асырылды. Жоба студенттердің ауызша сөйлеу дағдыларын еркін дамытуына, сөздік қорын кеңейтуіне және мәдениетаралық коммуникацияны жетілдіруіне мүмкіндік беретін тілдік ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Курс аясында тұрақты сабақтар, интерактивті сессиялар, тақырыптық талқылаулар және практикалық форматтар қарастырылған. Бұл форматтар тілдік кедергілерді еңсеруге, көпшілік алдында сөйлеу, дәлелдеу және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Клубтың ашылуы жастар бастамаларын қолдау және білім беру экожүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Бұл жоба көптілді, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға өз үлесін қосады.
Жоба БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:
- ЦУР 4 – Сапалы білім;
- ЦУР 10 – Теңсіздікті азайту;
- ЦУР 17 – Серіктестік.
Жобаны ұйымдастырушылар және жауапты тұлғалар:
Сарсембаева Т.С., Базарбек Ж.П., Нұржан А.
Kazakh-English Speaking Club барлық студенттер үшін ашық және еркін қарым-қатынас, тәжірибе алмасу мен тұлғалық дамуға арналған алаң болмақ.
Басқа жаңалықтар