Сиверс алмасы — табиғи мұра жне біздің жауапкершілігіміз — ҚазҰУ

91ý

Сиверс алмасы — табиғи мұра жне біздің жауапкершілігіміз

13 сәуір 2026
Сиверс алмасы — табиғи мұра жне біздің жауапкершілігіміз

Педагогикалық практика аясында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 1-курс магистранттары Мұсағалиева Р.А. мен Кадир С.С. Сиверс алмасын сақтау тақырыбына арналған білім беру іс-шарасын өткізді. Сиверс алмасыҚазақстанның бірегей табиғи мұрасы жне қазіргі алма сұрыптарының генетикалық алуан түрлілігінің маңызды көзі болып табылады.


Сиверс алмасын қалпына келтіру жне сақтау Экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау бойынша Орталық Азия-Герман институты институты қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Іс-шара интерактивті форматта өтті. Алдымен студенттерге Сиверс алмасының шығу тегі, оның экологиялық маңызы жне табиғи таралу аймақтарының қысқаруына байланысты өзекті қауіп-қатерлер туралы ақпарат берілген презентация ұсынылды. Сонымен қатар, бұл түрдің жаһандық агро биоалуантүрліліктегі рөлі мен оны сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.


Іс-шараның екінші бөлімінде қатысушылар тақырыптық бейнеролик көріп, Сиверс алмасының табиғи өсу ортасын жне оны қорғау бойынша практикалық шараларды көрнекі түрде танысты. Бейнематериал мселені тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, студенттер арасында белсенді талқылауға жол ашты.

Сонымен қатар, сабақ барысында бұл тақырыптың Тұрақты даму мақсаттарымен байланысы қарастырылды. Студенттер Сиверс алмасын сақтау ТДМ 13 «Климаттың өзгеруімен күрес» жне ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарымен тікелей байланысты екенін талқылады. Қатысушылар табиғи экожүйелерді қорғау, ормандарды қалпына келтіру жне биоалуантүрлілікті сақтау климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаның тозуына қарсы күрестегі маңызды қадамдар екенін атап өтті.


Қорытынды кезеңде қатысушылар алған білімдерін тексеріп, бекіту мақсатында танымдық квиз өткізілді. Мұндай формат студенттердің қызығушылығын арттырып, экология жне табиғатты қорғау мселелеріне дегенынтасын күшейтті.

Өткізілген іс-шара табиғи мұраға ұқыпты қараудың маңыздылығын жне оны сақтауда рбір адамның жекежауапкершілігін көрсетті. Сиверс алмасыҚазақстан табиғатының байлығының символы ғана емес, болашақ ұрпақ үшін сақталуы тиіс құнды мұра.