Студенттермен жастар саясаты мәселелері талқыландыFarabi University

91ý

Студенттермен жастар саясаты мәселелері талқыланды

8 сәуір 2026
Студенттермен жастар саясаты мәселелері талқыланды

2026 жылғы 8 сәуірде Менеджмент кафедрасы студенттермен жастар саясаты тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара кафедра меңгерушісі Смагулова Г.С. мен аға оқытушы Жумагазиева А.Г. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Кездесуге Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілі Беккайров Нұрсұлтан Болатұлы арнайы қонақ ретінде қатысты.

Кездесу барысында жастар саясатын жүзеге асырудың негізгі бағыттары, жастарды әлеуметтендіру, олардың әлеуетін дамыту, білім беру мен жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Алматы қаласындағы жастарға арналған инфрақұрылым, комьюнити-орталықтардың қызметі және цифрлық платформалар арқылы ұсынылатын мүмкіндіктер таныстырылды.

Қонақ спикер жастар бастамаларын қолдау және олардың қоғамдық белсенділігін арттыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Аталған кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты – сапалы білім берумен тығыз байланысты. Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби дамуына және қоғамдағы рөлін түсінуіне оң әсер етеді.