- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кәсіптік бағдар беру: №98 жалпы білім беретін мектеппен меморандумға қол қойылды
Кәсіптік бағдар беру: №98 жалпы білім беретін мектеппен меморандумға қол қойылды
6 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық факультеттері, соның ішінде Заң факультеті де, талапкерлерді өз білім беру бағдарламаларына қызықтыру үшін белсенді түрде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын атқаруда.
Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант Қанат Насырұлы Алихан Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан №98 жалпы білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушылары үшін бейіндік бағдарлау бойынша дәрістер оқыды.
Мектеп директоры Новикс Асель Мархабатовна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен арадағы өзара меморандумға қол қойды.