Кәсіптік бағдар беру: №53 мектеп-гимназиямен меморандумға қол қойылды
6 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы барлық факультеттер, соның ішінде Заң факультеті де, талапкерлерді өз білім беру бағдарламаларына бағыттау үшін белсенді түрде кәсіптік бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыруда.
Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант Қанат Насырұлы Алихан Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан №53 мектеп-гимназияның 10-11 сынып оқушылары үшін бейіндік бағдарлау бойынша дәрістер оқыды.
Мектеп-гимназия директоры Ошимова Асем Нурмуханбетовна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен арадағы өзара меморандумға қол қойды.