Бұхара халықаралық университетімен серіктестік артуда — ҚазҰУ

91ý

Бұхара халықаралық университетімен серіктестік артуда

17 маусым 2026
Бұхара халықаралық университетімен серіктестік артуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының делегациясы Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды.

Сапар аясында делегация Бұхара халықаралық университеті базасында өткен халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шара жазғы мектептің бірінші кезеңінің аяқталуына және екіжақты академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге арналды.

Конференцияға Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, соның ішінде Самарқанд мемлекеттік университеті, Бұхара мемлекеттік университеті, Бұхара инженерлік-технологиялық институты, Әбу Әли ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты, Бұхара мемлекеттік педагогикалық институты және Азия халықаралық университетінің делегаттары қатысты.

Жиын барысында жазғы мектептің бірінші легі түлектеріне сертификаттар табысталды. Қатысушылар бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту, инновациялық тәжірибе алмасу және академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Институт директоры Сарагүл Нәлібаева халықаралық жобалардың академиялық дамуға серпін беретінін атап өтіп, серіктестік диалогтың маңызын жоғары бағалады. Өз кезегінде Бұхара халықаралық университетінің ректоры Шариф Баратов ғылыми-білім беру әлеуетін біріктіру ортақ бастамаларды жүзеге асыруға берік негіз болатынын жеткізді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі