Кәсіптік бағдар беру: №198 мектеп-гимназиямен меморандумға қол қойылдыFarabi University

91ý

Кәсіптік бағдар беру: №198 мектеп-гимназиямен меморандумға қол қойылды

8 сәуір 2026
Кәсіптік бағдар беру: №198 мектеп-гимназиямен меморандумға қол қойылды

Талапкерлерді өз білім беру бағдарламаларына тарту мақсатында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық факультеттері, соның ішінде Заң факультеті де, белсенді кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.

 

Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант  Қанат Насырұлы Алихан Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан 198 мектеп-гимназияның 10-11 сынып оқушылары үшін бейіндік бағдарлау бойынша дәрістер оқыды.

 

Мектеп директоры Абитова Жанара Нукабаевна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен арадағы өзара меморандумға қол қойды.