«Қазақстан – біртұтас Ел» — ҚазҰУ

91ý

«Қазақстан – біртұтас Ел»

16 ақпан 2026
«Қазақстан – біртұтас Ел»

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар кафедрасымен, Алматы қ. ҚХА Жас ғалымдар клубымен бірлесіп «Қазақстан – біртұтас Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелге спикер-қонақ ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант Қанат Насырұлы Алихан қатысып, арнайы баяндама жасады.

  

Іс-шара модераторы: Жакупов Руслан Қабылтайұлы – саясаттанушы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ. республикалық Достық үйі жанындағы «Алматы семинары» клубының мүшесі.

 

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттік жастар қатысты. Студенттік жастар шараға белсенді қатысып, дөңгелек үстел спикерлеріне - оның ішінде заңгерлерге, саясаттанушыларға, экономика мамаңдарына, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдеріне, өздеріңін сұрақтарын қойды.

 

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар конституциялық реформалар мен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясына қолдау көрсетті.