- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық кітапханасында «Ахмет Яссауи мөрі және мазмұны» тақырыбында дәріс өтті
ҚР Ұлттық кітапханасында «Ахмет Яссауи мөрі және мазмұны» тақырыбында дәріс өтті
2026 жылғы 2 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шадкам Зубайда «Ахмет Яссауи мөрі және мазмұны» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Дәріс барысында ғалым Ахмет Яссауиге қатысты жазба мұралардың тарихи маңызына тоқталып, мөрдің мазмұндық, рухани және деректік ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Іс-шараға кітапхана оқырмандары, зерттеушілер, студенттер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, көне мұраларды зерделеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесуде ұлттық рухани құндылықтарды сақтау, тарихи жәдігерлерді ғылыми айналымға енгізу және оларды кеңінен насихаттау жайы сөз болды. Профессор Шадкам Зубайданың дәрісі қатысушыларға Яссауи мұрасының терең мазмұнын танытып, отандық ғылым мен рухани мұраны дәріптеуге серпін берді. Мұндай тағылымды басқосулар ұлттық тарих пен мәдениетті тануға ықпал ететін маңызды ғылыми-танымдық алаң екені анық.
Қайранбаева Н.