«Құқықтық мәдениет және азаматтық белсенділік»
17 наурыз 2026
Cбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйінде жастардың саяси-қоғамдық процестерге қатысуының маңыздылығын талқылауға арналған ашық диалог пен пікір алмасу форматындағы кездесу өткізілді.
Спикер-қонақ ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант Қанат Насырұлы Алихан қатысты.
Жастармен кездесу барысында азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет және студенттердің ел болашағын қалыптастырудағы белсенді әлеуметтік топ ретіндегі рөлі мәселелері талқыланды.