«Әділетті қоғам – ел болашағының кепілі»
17 наурыз 2026
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «Әділетті қоғам – ел болашағының кепілі» тақырыбында ақпараттық танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға бас спикер-қонақ ретінде Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант Қанат Насырұлы Алихан қатысты.
Кездесу барысында студенттер өзекті сұрақтар қойып, түсінікті және нақты жауаптар алды. Жиын соңында қатысушылар спикерге алғыстарын білдіріп, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудағы осындай кездесулердің маңызды рөлін атап өтті.
Басқа жаңалықтар
5 маусым 2026
27 мамыр 2026