Өңірлік серіктестікті дамыту: И. Раззаков атындағы ҚМТУ проректорының сапары
2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасына И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің Халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры келді.
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін талқылап, академиялық ұтқырлықты дамытуға және қоршаған орта мәселелерін шешу үшін ГАЖ-ды қолдану мен ЖҚЗ деректерін пайдалану, сондай-ақ геоақпараттық оқыту саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударды. Келіссөздердің маңызды нәтижесі — зертхана базасында ҚМТУ қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қашықтықтан зондтау деректерімен жұмыс істеудің заманауи әдістемелерін меңгеруге бағытталған тағылымдамаларды ұйымдастыру туралы уағдаластық болды.
Басқа жаңалықтар