7M05113 – «Нейроғылым» және 7M01504 – «Биология» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары «Генетика және физиология институтында» ғылыми тағылымдамадан өтті — ҚазҰУ

91ý

7M05113 – «Нейроғылым» және 7M01504 – «Биология» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары «Генетика және физиология институтында» ғылыми тағылымдамадан өтті

9 сәуір 2026
7M05113 – «Нейроғылым» және 7M01504 – «Биология» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары «Генетика және физиология институтында» ғылыми тағылымдамадан өтті

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 7M05113– «Нейроғылым» және 7M01504 – «Биология» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары 2026 жылдың 25 наурызы мен 08 сәуірі аралығында ҚР ҒЖБМ ҒК «Генетика және физиология институты» базасындағы лимфа жүйесі физиологиясы зертханасында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Тағылымдама барысында жас ғалымдар физиология, биохимия және морфология салаларындағы іргелі зерттеулермен танысып, озық әдістемелерді тәжірибе жүзінде меңгерді. Магистранттар зертханалық жануарлармен жұмыс істей отырып, ультрадыбыстық допплерография, реография, қатты фазалы иммуноферменттік талдау (ИФА), спектрофотометрия және гистологиялық өңдеу сияқты заманауи зертханалық әдістерді практикада жоғары деңгейде қолдана білді.

Бұл ғылыми тағылымдама магистранттардың зерттеушілік құзыреттіліктерін арттырып, олардың диссертациялық жұмыстарын орындауға қажетті маңызды эксперименталды дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік берді.