ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІГІ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ — ҚазҰУ

91ý

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІГІ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

20 сәуір 2026
ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІГІ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі түрде өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында шығыстану бағыты «Шығыс өркениетінің тарихи мұрасы және Қазақстанмен рухани сабақтастығы» тақырыбында секциялық отырыстар ұйымдастырылды. «Шығыс тілдері мен әдебиеті: рухани код, мәдени трансформация және аударма зерттеулері (лингвистика, әдебиеттану, мәтінтану)» секциясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті Д. Көптілеуова жетекшілігімен араб бөлімі 3 курс студенті Берженбаева Дана «Айгүл Кемелбаева мен Джоха Әл-Харти шығармаларындағы патриархалдық дискурс және әйелдер қарсылығының стратегиялары» тақырыбында баяндама жасап, II дәрежелі дипломмен марапатталып, қаржылай сыйақыға ие болды.

Аталған жетістік жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетіп, олардың болашақтағы кәсіби және академиялық дамуына серпін береді.

Д. Көптілеуова

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті