- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің студенті «Фараби әлемі» конференциясында I орын алды
ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің студенті «Фараби әлемі» конференциясында I орын алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ұйымдармен, жетекші ғылыми орталықтармен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен бірлесіп, 2026 жылғы 7–11 сәуір аралығында өткен V Халықаралық Фараби форумын ұйымдастырды. 11 сәуір күні форум қорытындылары шығарылды.
Форум аясында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің пленарлық баяндамалары арасында «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Данила Столяров I орын иеленді.

Оның баяндамасының тақырыбы — «Физикаға негізделген нейрондық желілерді пайдалана отырып, Бакли–Леверетттің екі өлшемді моделін шешу».
Жоғары деңгейде орындалған ғылыми жұмысы мен жеңісі үшін Данилаға 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы сертификаты табысталды.
Данила Столяровты лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми қызметінде толағай табыстар тілейміз!
Басқа жаңалықтар