- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың Компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушысы «ҚазҰУ-дың 2026 жылғы үздік жас ғалымы» марапатына ие болды
ҚазҰУ-дың Компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушысы «ҚазҰУ-дың 2026 жылғы үздік жас ғалымы» марапатына ие болды
2026 жылғы 7–11 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен V Халықаралық Фараби форумы аясында Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушысы Мұханбет Ақсұлтан «ҚазҰУ-дың 2026 жылғы үздік жас ғалымы» марапатына ие болды.
Бұл марапат оның ғылыми-зерттеу қызметіндегі жоғары жетістіктерін, академиялық ортадағы белсенділігін және заманауи ғылымның дамуына қосқан үлесін айқындайды. Мұханбет Ақсұлтан нәтижелі ғылыми жұмыс жүргізіп, ғылыми мақалалардың авторы әрі тең авторы болып табылады, сондай-ақ ғылыми жобаларды орындаушы ретінде жүзеге асыруға белсенді қатысады.
Оның кәсіби қызметі компьютерлік ғылымдар саласындағы өзекті бағыттарды дамытуға, жас мамандарды даярлауға және факультеттің ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған. ылыми жобаларға қатысуы, жарияланымдық белсенділігі және зерттеу ортасын дамытуға деген ұмтылысы оның жоғары кәсіби құзыреттілігі мен ғылыми әлеуетін көрсетеді.

«ҚазҰУ-дың 2026 жылғы үздік жас ғалымы» марапатының берілуі оның еңбегінің, ғылыми жетістіктерінің және университет ғылымын дамытуға қосқан үлесінің лайықты бағалануы болды.
Мұханбет Ақсұлтанды жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми, білім беру және кәсіби қызметінде толағай табыстар тілейміз!
Басқа жаңалықтар