Business Graduates Association өкілдерінің ҚазҰУ мұражайына келуі — ҚазҰУ

91ý

Business Graduates Association өкілдерінің ҚазҰУ мұражайына келуі

20 сәуір 2026
Business Graduates Association өкілдерінің ҚазҰУ мұражайына келуі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайына Business Graduates Association халықаралық ұйымының өкілдері келді. Бұл ұйым бизнес-білім беру саласындағы жетекші мектептер мен сарапшыларды біріктіреді. Сапар университет тарихымен танысумен қатар, білім мен технологияның болашағын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Қонақтардың ерекше қызығушылығын ҚазҰУ-дағы Фараби Хаб жобалары тудырды. Делегация ғылыми-инновациялық орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, аймақтағы қуатты есептеу жүйелерінің бірі саналатын суперкомпьютердің жұмысы туралы білді. Ол үлкен деректерді өңдеу, тілдік модельдер жасау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.Қонақтар Фараби Хаб сияқты бастамалар жаңа форматтағы университеттердің қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті. Бұл сапар халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.