Алатау телеарнасында экологиялық мәселелер талқыландыFarabi University

91ý

Алатау телеарнасында экологиялық мәселелер талқыланды

20 сәуір 2026
Алатау телеарнасында экологиялық мәселелер талқыланды

География ғылымдарының докторы, профессор Әсима Ғалымжанқызы Алатау телеарнасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың табиғатқа тигізетін кері әсері, олардың қоршаған орта мен халық денсаулығына ықпалы, сондай-ақ Алматы облысындағы экологиялық ахуал кеңінен талқыланды. Сарапшы өңірдегі кейбір аумақтардың ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтіп, экологиялық қауіптердің алдын алу бағытындағы жүйелі шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Профессор бұл акцияның тек қысқа мерзімді шара ғана емес, ұзақ мерзімді экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Сұхбатта экологиялық қауіптерді азайту мақсатында өндіріс орындары тарапынан қабылдануы тиіс нақты шаралар да сөз болды. Атап айтқанда, қалдықтарды тиімді басқару, заманауи экологиялық технологияларды енгізу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық бақылауды күшейту қажеттігі айтылды. Сонымен бірге, мемлекеттік деңгейде экологиялық саясатты жетілдіру, заңнаманы күшейту және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мәселелері де көтерілді.