Almaty Museum of Arts музейіне танымдық экскурсия
10 сәуір 2026
2026 жылғы 10 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 204-топ студенттері эдвайзер Қонысбай Бақытгүлдің жетекшілігімен Almaty Museum of Arts музейіне танымдық экскурсияға барды. Экскурсия барысында студенттер заманауи және классикалық өнер туындыларымен танысып, әрбір экспонаттың мазмұны мен мағынасына ерекше назар аударды.
Музейдегі көрмелер студенттердің ерекше қызығушылығын тудырып, өнердің түрлі бағыттары мен стильдері туралы білімдерін кеңейтті. Әсіресе, әрбір туындының астарында жатқан терең ой мен авторлық идея студенттерге үлкен әсер қалдырды. Музей қызметкерлері өнер туындыларының тарихы мен олардың маңыздылығы туралы мазмұнды ақпарат беріп, экскурсияны әсерлі әрі пайдалы өткізді.
Бұл танымдық сапар студенттердің мәдени деңгейін арттырып қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға және рухани дамуына оң ықпал етті. Осындай іс-шаралар студенттердің жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік береді.