- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да Тұрақты даму мақсаттары аясында «Созылмалы аурулардың алдын алу – сапалы өмір кепілі» тақырыбында ғылыми-білім беру іс-шарасы өтті
ҚазҰУ-да Тұрақты даму мақсаттары аясында «Созылмалы аурулардың алдын алу – сапалы өмір кепілі» тақырыбында ғылыми-білім беру іс-шарасы өтті
Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Созылмалы аурулардың алдын алу – сапалы өмір кепілі» тақырыбында ғылыми-білім беру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдардың амандығын жақсарту.
Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер созылмалы аурулардың себептері мен салдарын талқылады. Сонымен қатар, созылмалы аурулардың алдын алу шаралары айтылды.
Бағдарлама келесі іс-шараларды қамтыды:
- Созылмалы аурулардың алдын алуға арналған тақырыптық дәріс;
- Созылмалы аурулары туралы презентациялар;
- Қатысушылар арасында пікірталас және тәжірибе алмасу сессиясы;
- Созылмалы аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Іс-шара «биофизика, биомедицина және нейроғылым» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жапаркулова Н.И., мен эдвайзерліктобы: 3-курс «Биомедицина» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға «биофизика, биомедицина және нейроғылым» кафедрасының оқытушылары Жаманбаева Г.,Атанбаева Г., Үсіпбек Б.А., қатысты. Қатысушылар созылмалы аурулардың алдын алу бағытында өз білімдерін арттырды.
Өткізілген іс-шара ТДМ-3 «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдардың амандығын жақсарту» мақсатын жүзеге асыруға үлес қосып, студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жаһандық мәселелерге деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU
#SDG3 #chronicdiseases #Preventionofchronicdiseases
