«Отбасы банк» АҚ-ның жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы — ҚазҰУ

91ý

«Отбасы банк» АҚ-ның жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы

22 сәуір 2026
«Отбасы банк» АҚ-ның жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы

Жас ғалымдарға кредит беру бағдарламасы – бұл Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының тұрғын үйге мұқтаж ғылыми қызметкерлері үшін бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй сатып алу үшін банк тарапынан берілетін қарыз. Қарыз мақсаты :
Қарыз бастапқы/қайталама тұрғын үйді сатып алу үшін, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша ұсынылады, оған OMIR/ ГОСТ Р/ BREAM/LEED сәйкестік сертификаттары бар құрылыстың жасыл стандарттарына сәйкес келетін нысандар кірмейді. Бастапқы жарна : шарттық сома мөлшерінің 10 %-нан бастап 50 %-на дейін; Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі : жылдық 5 % (ЖТСМ 5,2% бастап 5,5% дейін); Алдын ала қарыз мерзімі : 6 ай – 8 жыл; Тұрғын үй қарызының мерзімі : 25 жылға дейін; Қарыз сомасының 50%-ын жинақтаған соң қарыз бойынша мөлшерлеменің төмендеуі жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап 5%-ға дейін (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін); Қарыздың ең көп сомасы 20 000 000 теңгеге дейін. 

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:
  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.