Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ми институты BCI & Neurotechnology Spring School 2026 аясында Live Viewing Hub ретінде қатысадыFarabi University

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ми институты BCI & Neurotechnology Spring School 2026 аясында Live Viewing Hub ретінде қатысады

19 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ми институты BCI & Neurotechnology Spring School 2026 аясында Live Viewing Hub ретінде қатысады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ми институты BCI & Neurotechnology Spring School 2026 аясында Live Viewing Hub ретінде қатысады. Аталған көктемгі мектеп 2026 жылғы 20–29 сәуір аралығында онлайн форматта өтеді жне ми–компьютер интерфейстері мен нейротехнологияларға арналған әлемдегі ең ірі әрі қолжетімді білім беру бағдарламасы болып табылады.

Spring School аясында Ми институты Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/19 мекенжайында жергілікті Live Viewing Hub алаңын ұйымдастырады. Бұл қатысушыларға 20–29 сәуір аралығында күн сайын сағат 12:00-ден бастап бағдарламаның таңдаулы сессияларын бірге тамашалауға мүмкіндік береді. Live Viewing Hub форматы халықаралық сарапшылардың тікелей көрсетілетін дәрістерін жергілікті академиялық алмасу жне кәсіби нетворкингпен ұштастырады.

Spring School бағдарламасына қатысу тегін жне сертификаттар мен жергілікті кредиттік модельдер арқылы академиялық тұрғыдан танылады. Live Viewing Hub ретінде қызмет ете отырып, Ми институты нейротехнология саласындағы сапалы білімге жаһандық қолжетімділікті кеңейтуге жне жергілікті академиялық өзара іс-қимылды нығайтуға үлес қосады, ТДМ 4 «Сапалы білім беру» жне ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» мақсаттарына сәйкес.

 

Толығырақ: