әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды — ҚазҰУ

91ý

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

20 сәуір 2026
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

      2026 жылғы 17–18 сәуір күндері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық пәндік олимпиада өтті.

    Аталған білім додасына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 2 курс студенттері қатысып, өзге жоғары оқу орындарының 3–4 курс студенттерімен бәсекеге түсті. Университет намысын қорғаған студенттер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, теориялық және практикалық білімдерінің сапасын айқын дәлелдей алды. Олимпиада қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Шығыстану факультетінің 2 курс студенті Нұрбекұлы Нұрғиса III орын иегері атанды.

    Аталған жетістік университеттің білім беру сапасының жоғары деңгейін, ғылыми әлеуетінің мықтылығын және студенттердің кәсіби даярлығының бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.

           Кафедра ұжымы жүлдегер студентті шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейді.