ҚазҰУ ғылыми зертханасы ұлттық аккредиттеуден сәтті өттіFarabi University

91ý

ҚазҰУ ғылыми зертханасы ұлттық аккредиттеуден сәтті өтті

22 сәуір 2026
ҚазҰУ ғылыми зертханасы ұлттық аккредиттеуден сәтті өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультетінің «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығы «Топырақ экологиясы» ғылыми-зерттеу зертханасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттеуден өтті.


Зертханаға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы тарапынан ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 халықаралық стандарты талаптарына сай  №KZ.T.02.3058 аккредиттеу аттестаты берілді.

Бұл жетістік зертхананың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары сапада жүргізуге, сараптамалық сынақтарды халықаралық талаптарға сай орындауға және экология мен табиғатты тиімді пайдалану бағытындағы жобаларды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – университет ғылымының әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейдегі зерттеулер сапасын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.