Студенттерге AI-SANA жобасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
22.04.2026 жылы География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында AI-SANA ұлттық бағдарламасы аясында студенттердің ІІ кезеңге өтуі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.А. Базарбаева 6B05202-Экология мамандығы бойынша 1-2 курс студенттеріне жобаның мақсаты, маңызы және курсты тиімді меңгеру жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттерге платформада тіркелу тәртібі, оқу материалдарын игеру ерекшеліктері және курсты сәтті аяқтау талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, AI-SANA бағдарламасының цифрлық дағдыларды дамытудағы рөлі мен оның болашақ кәсіби қызметтегі маңыздылығы атап өтілді.
Бұл жұмыс студенттердің заманауи білім беру ресурстарын тиімді пайдалануына және цифрлық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Сапалы білім» және 9-мақсаты — «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» бағыттарына сәйкес келеді, себебі ол студенттердің цифрлық дағдыларын дамытуға және заманауи білім беру технологияларын меңгеруіне ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар