СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗ АШАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
14 наурыз күні Химия жне химиялық технология факультетінің №13 студенттер үйінде факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы ұйымдастыруымен студенттерге арналған ауыз ашар берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерге рухани қолдау көрсету, қайырымдылық пен ізгілік құндылықтарын дріптеу, сондай-ақ бірлік пен бауырмалдықты нығайту болды. Ауыз ашарға студенттер белсенді қатысып, дастархан басында жылы жүздесіп, ерекше атмосферада бас қосты.
Кеш барысында студенттерге арнайы дайындалған тағамдар ұсынылып, олар өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, жиын барысында рухани ңгімелер айтылып, ізгі тілектер мен баталар берілді.
Бұл игі шара студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара байланысты нығайтып, факультет ішінде достық пен сыйластықтың артуына ықпал етті. Ауыз ашар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж.
Басқа жаңалықтар