Медицина факультетінде профессор Байтовa Г.М. мультиморбидті науқастарды емдеудің заманауи тәсілдері туралы дәріс оқыды — ҚазҰУ

91ý

Медицина факультетінде профессор Байтовa Г.М. мультиморбидті науқастарды емдеудің заманауи тәсілдері туралы дәріс оқыды

23 сәуір 2026
Медицина факультетінде профессор Байтовa Г.М. мультиморбидті науқастарды емдеудің заманауи тәсілдері туралы дәріс оқыды

2026 жылғы 20 сәуірде медицина және денсаулық сақтау факультетінде медицина ғылымдарының докторы, профессор Байтова Гульмира Мусаевнаның «Клиникалық тәжірибедегі мультиморбидтілік: соңғы ұсынымдар тұрғысынан емдеу, егде жастағы пациенттерді жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.


Дәріс жоғары кәсіби деңгейде өткізіліп, өзектілігімен, мазмұндылығымен және тәжірибелік бағыттылығымен ерекшеленді. Материал түсінікті әрі қызықты түрде ұсынылып, жоғары курс студенттері, интерндер, резиденттер және жас оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.


Іс-шара барысында белсенді сұрақ-жауап сессиясы және қызу пікірталас өтті, бұл аудиторияның жоғары деңгейдегі қызығушылығын көрсетті.
Факультет Байтова Гульмира Мусаевнаға білім алушыларды даярлау сапасын арттыруға және олардың клиникалық ойлау қабілетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді.